Гипертония ауруы туралы реферат

Гипертонияның (гипер — артық, көп. Тонус — қысым, сығым) негізгі белгісі адамның артериялық қан қысымы артады. Әрине, бұл адамның түрлі жағдайына және басқа ауруға байланысты. Бірақ кейде күтпеген уәйім-қайғыдан немесе ауыр қара жұмыстан кейін сап-сау адамның қан қысымы да уақытша артуы ғажап емес. Бұл аурудың белгісіне жатпайды.

Артериалық қан қысымы кейде бүйрек қабынғанда (нефрит) және бүйрек безі (надпочечник) мен қалқан безі (щитовидная железа), мидың қосалқы безі (гипофиз) секілді ішкі секреция бездерінің ауруы себепті азды-көпті артып отырады. Қан қысымының мұндай артуы осы органдардың ауыратындығын дәлелдейді. Гипертонияда денедегі барлық ұсақ артериялар (артериолы) Жіңішкеріп, қан жүретін жол тарылады. Соның нәтижесінде организмнің бір жеріндегі (артериясындағы) қанның екінші — жеріне (венаға) өтуі қиындайды. Сөйтіп, өте алмай іркілген қан тамырды кернейді, оның қуысында қан қысымын арттырады. Мысалы, қолқаның бір жері тарылғанда одан жоғарыдағы жердің қан қысымы артады. Сөйтіп гипертониялық ауру басталады. Гипертонияның себебі көп. Қөбінесе ол нерв жүйесінің әрекеті бұзылғандарда кездеседі. Зерттеу нәтижесіне қарағанда ой еңбегімен шұғылданатын инженер-техник қызметкерлер, ғалымдар және телефонисткалар мен шоферлердің қан қысымы жиі артып отырады. Өйткені бұл категориядағы адамдар міндетті жұмысын атқару үшін көп ойланып үнемі өздерін сергек ұстайды, түрлі жұмбақты шешуге, тапқырлыққа тырысады. Мұндай ұзаққа созылған ойлану миға күш түсіреді. Шаршап шалдыққан нерв жүйесінің әрекеті бұзылып, бұл қан қысымын арттырады, сөйтіп гипертония ауруының басталуына жағдай туғызады.

Қан қысымының артуы нерв жүйесі жұмысының бұзылуынан тағы да басқа бірнеше факторлардың әсер ететіндігі анықталды. Организмнің химиялық лабораториясының жұмысы бұзылғаңда бүйрек және бүйрек үсті безінің гормоны әдеттегіден артық бөлінеді. Гормонның бұлайша артық бөлінуі артериялық қан қысымын арттыратындығы анықталды. Соңғы кезге дейін бүйректі денедегі бұзылған, керексіз қалдықтардың (шлак) бөліп шығарып отыратын орган деп келдік. Сонымен қатар бүйректің қан қысымын арттыруда рөлі күшті ренин деген затты бөліп шығаратыны ашылды.

Қанның тамыр қабырғасындағы заттар алмасуын тексергенде ондағы альдостерон деген гормон өзіне натрий тәрізді элементті көп жинайтыны байқалды. Ал натрий сұйық затты бойына жинайтындықтан, тамыр қабырғаларында сұйық көбейеді. Бұл жағдай жіңішке тамырларды жуандатады, және артериалық канның қысымын арттырады. Ғылымның соңғы жетістігіне қарағанда гипертония ауруының тұқым қуатын түрі де жоқ емес.

Әрине, қан қысымы артуының басты себебі орталық нерв жүшесінің әрекетіне байланысты. Адам өмірінде кездесетін факторлар,— нерв жүйесінің жұмысы бұзылуы, ұзаққа созылған қайғы-қасірет, тұрмыстағы және жұмыстағы кейбір жағымсыз жағдайлар мезгілінде жойылмаса, сөзсіз гипертониялық ауруға соқтырады. Оның үстіне майлы тамақты мөлшерден тыс былапыттап ішіп-жеу, көп жүрмей, бір орында қозғалмай отыра беру де қан қысымының артуына себепкер болады.

Гипертония тұңғыш білінгенде артерия және басқа органдар құрылысында ешбір органикалық (анатомиялык) өзгеріс сезілмейді. Бірақ ауру ұзаққа созылып, кезінде емделмесе, қан тамыр өзгере (склероз) бастайды. Гипертонияның кейінгі сатысында жүрек артериясы мен артериольдарына және басқа органдарға да анатомиялық өзгерістер біліне бастайды. Тарылған қан жолындағы іркілген қанның қысымын жеңу үшін жүрек әдеттегіден артық күш жұмсайды. Мұның өзі миокардты күшейтеді (гипертония), жүректің көлемін үлкейтеді. Артериялық қан қысымы артуы нәтижесінде дене органдары отгегі мен басқа да қоректік заттарға тарығады. Бұл органдарда дәнекер тканьдер өсе бастайды. Осы тқаньдер, әсіресе жүрек (кардиосклероз), ми (церобросклероз) және бүйрек (нефросклероз) секілді органдарды қамтып, қауіпті ауруға шалдықтырады. Бұл органдардың скле-розбен зақымдануына байланысты гипертонияны үш түрге бөлеміз: 1. Жүректе болатын түрі 60—65 проц. қамтиды. 2. Мида болатын түрі 20—25 проц. қамтиды. 3, Бүйректе болатын түрі 10—12 проц. қамтиды. Гипертония көбінесе 40 жастан асқан адамдарда жиі кездеседі. Ал ол кейде 20—25 жастардағыларда да табылып жүр.

Оларда үлкендер гипертониясынан күшті басталады. Гипертония әйелдерде де жиі кездеседі. Бірақ бұлардың гипертониясы жасы келіп, етек кірі мүлдем тоқтар алдында бірнеше жыл бұрын пайда болады. Бірақ қан қысымы артқан ауру еркектерге қарағанда әйелдерде баяу болады. Өйткені еркектердің, жүрек қан тамырлары атеросклерозға жиі шалдығады да, миокардтың инфарктысына ұшырағыш келеді. Гипертония ақырын басталады, оның кейбір белгілері кейін сезіле бастайды. Бұл аурудың қатты басталып, өршіп кетуі сирек кездеседі.

Гипертонияны да өзінің дамуына қарай бірнеше сатыға бөлеміз: гипертониялық аурудың алғашқы сатысында адамның анда-санда басы ауырады, жүрек соғуы шапшаңдайды, кейде жүрек шаншып ауырады және бастың желке тұсы ауырлайды. Осы кезде қан қысымының артқаңын сынап бағанасымен өлшегенде 150/90, 160/95, 170/100 мм дейін жеткенін көреміз. Ауру адам жедел емделсе осы бірінші сатыда қан қысымы нормасына тез және оңай түсіруге болады. Бірақ адамның жанына айтарлықтай бата қоймағансып дәрігерге көрінбейді. Әрине, бұл үлкен қате. Мұндай адам басқа бір сырқатпен дәрігерге тексерілуге келгенде қан қысымының өскенін бір-ақ біледі. Осындай аурудың алғашқы кезеңін нерв функциясы бұзылғаннан болған гипертонияның бірінші сатысы дейміз. Осы кезеңде тиянақты емделмегендердің ауруы өршиді, ыңқыл-сыңқылы күн санап көбейе түседі. Бас айналады, аяқ-қол, саусақтар ұйытқиды, басқа қан құйылғандай сезім туады, көзге ұшқан шыбын тәрізділер елестейді, ұйқы бұзылады, адам шаршағыш келеді. Бұл кезеңде қан қысымын нормаға түсіру қиындап кетеді. Склероз барлық артерияларды қамти бастайды, зақымданған тамырлар өзінің әдеттегі жібектей жұмсақтығын жояды, қатаяды. Аурудың осы кезеңін гипертонияның склероздік сатысы дейді. Бірақ ауру адам еңбектен қалмайды, жұмысты істеп жүре береді. Гипертонияның үшінші, яғни ақырғы сатысында артериольдарда қан жүру бұзылғандықтан ауру адамның жүрегі мен бүйрегі өздерінің жұмысын нашар атқара бастайды, миға да қан аз барады. Гипертонияңың осы ақырғы сатысына жеткенде адам ентіге бастайды, жүрек қыспасы ұстайды, аяғы ісінеді, бауыры өседі, ішкі сарайына сұйық (асцит) жиналады.

Бұл гипертонияның жүректе кездесетін түрінде болады. Ал гипертонияның мида болатын түрінде бас ауырады, айналады, құлақ түбі шыңылдайды, көз нашар көреді, тіпті кан тамырлары жыртылып, миға қан құйылуы да (инсульт) мүмкін. Инсультте дененің оң немесе сол жағы сал (паралич) болып қалады. Гипертония ауруының бүйректе болатын түрінде оның функциясы бұзылады, кіші дәреті әдеттегідей денеден түгел шықпай сарқыла бөлін-бейді, ол бойға тарайды да, адамды уландыра бастайды (уремия).

Әрбір ауруды, әсіресе қан қысымы артқан ауруды емдеу тек осы ауруды тексеретін механизм шыққалы нәтижелі бола бастады. Гипертонияның қатерлі түрінен адамдар бұрын бірнеше айдың ішінде-ақ өлетін-ді. Оларды емдеуге дәрігердің күші келмейтін-ді. Қазір аурудың түрлі механизміне әсер ететін күшті дәрі-дәрмектер шықты. Бұл препараттар орталық нерв және қан тамыр тысындағы шеткі нерв жүйелеріне әсер етеді, сол секілді препараттық қан қысымын арттыратын гормон күшін әлсіретеді, сөйтіп қан қысымының артпауына шипалық әсер етеді. Жаңа шыққан дәрілерді дұрыс пайдаланса, қан қысымын бақылап, оны өршітпеуге мүмкіншілік туа бастады. Бұған дәлел: 1954 жылы гипертониямен ауырғандардың 30 процентінің қан қысымы төмендетілсе, 1965 жылы қан қысымы нормаға: түскендердің саны 60 процентке жетті.

Читать также:  Семя льна при гипертонии

Соңғы кезде бүйрек безіне шыққан ұра артериялық қан қысымын арттыратын гормонды көбейтетіні анықталды. Сол секілді бүйректі қоректендіретін қан тамыры тарылса, бүйрекке келетін қан азаяды. Мұның салдары гипертонияға соқтыратын заттардың пайда болуына жәрдемдесетіні анықталды. Егер заманымыздағы жетілген (рентген контрастық және изотоптык т. б.) әдістерді пайдаланып бүйректегі осы ауруларды кезінде тапса, оларды операция жолымен жазатын дәрежеге жеттік. Мұның өзі бүйрек кеселінен болатын гипертониялық ауруды жазуға мүмкіншілік берді. Сонымен гипертонияны алғашқы сатысында қолға алса, адам сөзсіз жазылады. Егер ауру кезінде емделмесе, қан қысымының ауруы өрши береді. Асқынған гипертония ауруын жазу қиын. Ол тіпті адамды қазаға да ұшыратады.

Әрине, бұл арада да «аурып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде »дегіміз келеді. Гипертониядан алдын ала сақтану үшін әрбір азамат еңбек, тұрмыс және тынығу тәртібін дұрыс ұйымдастыра білгені жөн. Тамақ сапалы болсын. Белгілі бір тәртіппен күніге 3—4 рет тамақтану керек. Бірақ майлы және холестерині көп асқа үйір болмау керек. Сол секілді сұйық және тұзды асты көп ішіп-жеу де зиянды. Қандай тамақ болса да ішті кернеп, тоя ішіп-жеу жүрекке зиян. Асты аздап, жиі-жиі ішіп тұрған пайдалы.

Дәрігердің нерв және қан тамыр жүйесіне пайдалы деген дене қозғалыстарын және дене шынықтыруды үзбей жасаған жөн. Шала ұйқы нерв жүйесінің әрекетін бұзады, қан қысымын арттырады. Сондықтан ауру адам кемінде тэулігіне тоғыз сағат ұйықтауға тйіс. Қерек десе дәрігер аурудың қозған нерв жүйесін жайбарақаттандыратын және көп ұйықтататын дәрілер де береді. Гипертония мен ауырғанда — ауада ұзақ болудың, тынығу және демалыс күнін қала сыртында өткізудің емдік мәні күшті. Бірақ ыстық күнде жүруге немесе күн көзіне қыздырынуға болмайды. Қейбір не болса, соны көңіліне алатындар мен көрінгенге сенетіндерді психикасына әсер ететін әдістермен емдеу (психотерапия) — дәрі-дәрмектен де жақсы әсер етеді. Ондай адам өзінің емделіп жүрген дәрігеріне ғана емделуі тиіс дейміз. Гипертонияның екінші және үшінші сатыларында қан қысымын төмендету үшін дәрігердің нұсқауынша диуретин, папаверинді лю-миналмен, дибазол, әсіресе үнді өсімдігі раувольфидің — резерпин, серпазил, гендон, тағы соңғы кезде шыққан жаңа препараттармен емделген жақсы. Қейде тамырдан қан алу, немесе денеге сүлік қойып қанды сорғызу да қан қысымын төмендетуге жақсы әсер етеді. Санаторий, курорт жағдайында емделудің гипертония ауруына маңызы зор. Кейде қан қысымы артып, асқынғанда ‘ауру адам талып жығылады (гипертонический криз). Мұндай жағдайда ауру адамға жүруге болмайды.

Артериялдық гипертония – қауіпті ауру

28 января 2011, 13:42 | 8 138 просмотров

ГИПЕРТОНИЯ – АРТЕРИЯЛЫҚ ҚАН ҚЫСЫМЫНЫҢ КӨТЕРІЛУІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ АУРУ. ҚАН ҚЫСЫМЫНЫҢ ДЕҢГЕЙІ АДАМ ДЕНСАУЛЫҒЫНЫҢ БАСТЫ КӨРСЕТКІШІ. ОЛ ЖҮРЕК , ҚАН ТАМЫРЛАРЫНЫҢ , ОРТАЛЫҚ НЕРВ ЖҮЙЕСІНІҢ , БҮЙРЕКТІҢ ЖАҒДАЙЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ДА ӨЗГЕРІП ТҰРАДЫ . КӨП ЖАҒДАЙДА ТОЛҚУЛАР, ҚАТТЫ АШУЛАНЫП – ҚАПАЛАНУ ОРТАЛЫҚ НЕРВ ЖҮЙЕСІ АРҚЫЛЫ ҚАН ҚЫСЫМЫНЫҢ КӨТЕРІЛУІНЕ ӘКЕП СОҒАДЫ.АРТЕРИЯЛЫҚ ҚАН ҚЫСЫМЫНЫҢ УАҚЫТША КӨТЕРІЛУІ : 130/ 80 ММ 139/89 ММ СЫНАП БАҒАНАСЫ БОЙЫНША БОЛСА, ОДАН ЖОҒАРЫ КӨТЕРІЛСЕ ЖӘНЕ ҰЗАҚ УАҚЫТ ТҮСПЕСЕ ЖҮРЕККЕ ЖӘНЕ МИ, БҮЙЕК, КӨЗ ҚАН ТАМЫРЛАРЫНА САЛМАҚ ТҮСІРІП АРТЕРИЯЛЫҚ ГИПЕРТОНИЯ АУРУЫНА ӘКЕП СОҒАДЫ. МҰНДАЙ ҚАЛЫПСЫЗДЫҚ ЖАҒДАЙЫНДА , ӘЙЕЛДЕРДЕ КЛИМАКС ЖАҒДАЙЫНДА, ІШІМДІККЕ САЛЫНҒАНДА , ШУЛЫ ЖАҒДАЙДА ЖҰМЫС ІСТЕЙТІН АДАМДАРДА, ЖАТТЫҒУ ЖАҒДАЙЫН ӨЗГЕРТКЕН СПОРТСМЕНДЕРДЕ БОЛУЫ МҮМКІН.

Гипертония ауруының кездесуіне тұқым қуалау факторы да әсер етеді. Гипертония ауруы артериялық қан қысымының көрсеткіші және адамның жай – күйіне байланысты 3 сатыға бөлінеді. Алдымен уақытша көтерілу . 130/85 – 139/89 – бағаланады.

I – саты: Артериялық қан қысымы сынап бағанасы бойынша 140/90 – 159/99 мм. Адамның ұйқысы бұзылып , шаршау, жүрек қағу, мазасыздық пайда болады.

Бұл жағдайлар дұрыс дем алып , тыныштандыратын дәрілерден кейін қалпына түседі.

ІІ – саты : Артериялық қан қысымы 160/100 – 179/109 мм аралығында және бас ауру, жүрек айну, жүрек шаншу, бас айналуы мүмкін. Мазасыздық, шаршау, ұйқы бұзылу арта түседі. Бұл жағдайда жүрек , ми қан тамырларында өзгерістер пайда болады және қан қысымын төмендететін дәрілер қабылданған соң қалпына келгенімен тұрақты бір көрсеткіште тұрмайды.

ІІІ – саты: Артериялық қан қысымы 180/110 – дан бастап және одан жоғары көрсет-кіште үнемі болатын жоғарғы қан қысымынан жүрек бұлшық еттері мен қан тамырлары қабырғаларында болған қауіпті өзгерістерге (атеросклероз) байланысты ауытқулар болуы мүмкін:

-Инсульт / ми қан тамырларының зақымдануы/

-Миокард инфарктісі / жүрек қан тамырларының зақымдануы/

-Бүйрек жұмысының жеткіліксіздігі / бүйрек қан тамырдарының зақымдануы/

-Соқырлық / көз қан тамырларының зақымдануы/

Жүрек қан тамырлары жағынан аурудың асқынуы бойынша қауіптілік алғашқы 10 жылда пайызбен (%) есептеледі.

1.15% — ға дейін – төменгі қауіптілік

2.15 — 20% — ға дейін – орташа қауіптілік

3.20 — 30% — ға дейін – жоғары қауіптілік

4.30 % — ға дейін – өте жоғары қауіптілік

Қауіптілік пайызы неғұрлым жоғары болса, соғұрлым асқыну аурулары да қиындау болады.

Гипертония ауруының қауіптілігі көптеген адамдар өз қан қысымының жоғары екенін білмегендігінде. Сондықтан әр жағдайда:

-Бір ретте болса қан қысымы көтерілген болса,

-Туыстарыңыздың қан қысымы жоғары болса,

-Жасың 35 – тен асса және артық салмағыңыз болса,

-Қант диабетімен ауырсаңыз,

-Климакс уақыты болса,

-Нерв жүйесіне артық салмақ түссе және ішкі жай – күйіңізде жайсыздық болған жағдайда дәрігерге көрініп, қан қысымыңызды өлшетіңіз. Ауруды уақытында анықтау, дер кезінде емдеу аурудың асқынуынан сақтайды.

Ең бастысы аурудың алдын алу, ол үшін:темекі шегу, ішімдікке салыну сияқты зиянды әдеттерден аулақ болу. Артық салмақ та зиян екенін естен шығармайық.

Салмақтың азюы тек қана артериялық қан қысымын төмендетіп қоймайды, холестерин мөлшерін азайтады және қан тамырларында атеросилероздық өзгерістерді төмендетеді. Мысалы: артық салмағыңыз 5 кг – ға азайтса қан қысымыңыз 5,4/2,4 мм-ге төмендейді. Сондықтан салмағыңызды күнде таңертең өлшеп тұрыңыз.

Артық салмақ кетле индексі бойынша: = есептеледі. Егер 25 тен жоғары болса , артық салмақ,ал 30 дан жоғары болса семіру деп есептеңіз. Сондықтан күнделікті тамақтан қантты, тәттілерді, ұн – нан тағамдарын , малдың майын, сары май, майлы етті, қою шай, кофені, қою сорпаны шектеу қажет. Күніне 3 -4 рет тамақтану қажет. Соңғы тамақ ұйқының алдында 2 -3 сағат бұрын, ал ертеңгі тамақ пен кешкі тамақтың арасы 10 сағаттан артық болмауы керек. Тамаққа ас тұзы аз мөлшерде қосылуы керек. Әр адамға күніне 3,5 – 5г ( 1 шай қасық ) тұз жеткілікті.

Ет – май тағамдарын өсімдік – көкөніс тағамдарына алмастыру қажет. Күніне 5 дана көкөніс өнімдерін жеу шетелдерде жақсы көрсеткіштер берген. Жүрек қан тамырларына қажетті К – Mg тұздары бүтін піскен картопта, фасольде, бұршақ, өрік – мейіз, қара өрікте, сұлыда, қызыл қызылшада, қарақатта, сәбіз, асқабақ, алмұрт, апельсинде, тауық етінде, балықта болады. Дене шынықтыру жаттығулары, таза ауда серуендеу, күніне 40 мин жаяу жүру, еңбек және дем алу тәртібін сақтау, әр кезде артериялық қан қысымын өлшетіп тұру – артериялық гипертония ауруының алдын алудың басты кепілі.

Читать также:  Бассейн при гипертонии

Егшер дәрігер сіздің қан қысымыңызды бірнеше рет өлшеп артериялық гипертония ауруыңызды анықтаған болса; онда жоғарыда көрсетілген ақыл – кеңеске қоса мына жағдайды есте ұстаңыз.

-Дәрі ұзақ уақыт, өмір бойы қабылданады,

-Дәрі мөлшері дәрігермен анықталып, өзгеріп тұруы мүмкін,

-Әр ауруға өз дәрісі – белгіленеді,

-Күніне 1 -2 рет қана қабылданатын дәрі пайдалы, дәрі 2 — 3 түрлі болуы мүмкін,

-Кенеттен көтерілген қан қысымы дәрінің түрін өзгертуді қажет етпейді.

Есте сақтаңыз: гипертония ауруынан адам бір жолата жазылып кете алмайды, тек өмір сүру бағытын өзгерту және үнемі дәрігердің белгілеуі бойынша дәрі қабылдап отыру арқылы ғана қан қысымын бір мөлшерде ұстауға аурудың асқынуынан сақтануға болады.

Артериалдық қан қысымының жоғары деңгейде болуына байланысты диспансерлiк бақылауда тұрган аурулар саны;

2008 жылы 16 онын iшiнде 12 әйел.

2009 жылы 25 онын iшiнде 16 әйел.

2010 жылы 35 онын iшiнде 25 әйел.

Жаңадан дәрiгердiң бақылауына алынған аурулар санының өсуi; жасаңғырауы байқалады.

Артериалдық қан қысымының жоғарылауына байланысты дәрiгерлiк бақылауға алынған аурулардың санының өсуi белсендi анықтауга және себептердiн көбеюiне байланысты болды.

Аурулардың өз қан қысымын өлшеу сауаттылығы, белсендi анықтау,күнделiктi дәрiгер белгiлеген дәрiлердi қабылдап тұруы, саламатты өмiр салтын сақтауы-аурудың әр түрлi асқынуларынан сактайды.

Артериалық гипертония

Артериалық гипертония — артериялдық қан қысымның көтерілуімен сипатталынатын жағдай. Дамуына байланысты екі түрі бар. Эссенциальді (біріншілік) артериялық гипертония — бұл ағзадағы қандай да бір аурулардың сәйкессіздігінен дамитын сырқат (гипертония ауруы). Симптоматикалық (екіншілік) артериялық гипертония – бұл ішкі ағзалардың ауруларының әсерінен (мысалы, бүйрек, эндокринді безінің аурулары) артериялық қысымның көтерілуі. БДҰ – ның келісімі бойынша артериялық қысымның көтерілуі, шамамен (жасқа қарамастан) 120/80– 139/89мм сынап бағаны бойынша көрсетілген көрсеткіш болып табылады. Ал артериялық қысым 140/90 болса, онда адамға “қауіп төндіруші” болып табылады.

Этиологиясы. Артериялық гипертонияның себебі әлі толық және нақты анықталмаған. Артериялық гипертония орталық жүйке жүйесіне көп психикалық күш түскеннен, жүйке – психикалық жарақаттан кейін, әр түрлі тұқым қуалайтын патологиялық аурулардан дамуы мүмкін. Артериялық гипертонияға ішкі сөлденіс бездері қызметінің бұзылуы, шылым шегу, көп мөлшерде тағамға ас тұзын қолданғанда, жеткілісіз ұйықтап тынықпаған кезде, орталық жүйке жүйесінің жарақаты және (мамандығына қатысты) жауапты қызметті атқаратын лауазымды тұлғалар мәнбірлері әкеліп соғуы мүмкін.

Жіктемесі. Артериялық қысым денгейінің жіктемесі (ДДУ, МОАГ, 1999Ж.)

ІІІ кезең. Қан қысымы –180/110 с.б.б. жоғары. Артериялдық қысым өте қатты түрде және жиі көтеріледі. Мұнда ми қан айналысының бұзылуы, жүрек жетіспеушілігі, миокард инфарктісі, жиі түрде бүйрек жетіспеушілік асқынулары болуы мүмкін. Артериялды қысым болған асқынулардан кейін өз бетімен қалпына келуі мүмкін, сондықтан артериялдық гипертония артериялдық қысымның үшінші кезеңіне тән белгі болып табылады.

Клиникалық бейнесі. Науқастың артериялдық қысымының көтерілуіне байланысты бастың ауры негізгі шағым болып табылады. Жиі бастың ауруы таңертеңгі кезде білініп, шүйде маңайына шоғырланады. Науқастар дұрыс ұйықтай алмайтындығына, жиі қозғыштығына,жұмысқа деген және есте сақтау қабілетінің төмендігіне шағымданады. Содан соң физикалық күш түскенде жүректің ауырсынуы, демікпеге шағымдар пайда болады. Кейбір науқастарда үнемі артериялдық қысым болғандықтан көз көру қабілеті бұзылады. Бірақта, ұзақ уақытқа созылған артериялдық қысымның болуына қарамастан, науқастардың көбінде асқынуы дамығанша ешқандай шағымдарды айтпауы мүмкін.Ұзаққа созылған бүйрек үсті, бүйрек, ұйқы безі артерияларының жиырылуына әкеліп соғуы мүмкін. Қолқада, коронар қан тамырларында, ми қан тамырларында атеросклероз өте қатты түрде дамиды. Сол жақ қарынша гипертрофияға ұшырайды. Ал науқасты тексергенде артериялды қан қысымы жоғары болады. І кезеңде тек қана артериялдық қан қысымы көтеріледі, ал ішкі ағзадаларда өзгерістер байқалмайды. ІІ кезеңде артериялдық қан қысымы жоғарылап қана қоймайды. Сонымен қатар сол жақ қарыншаның үлкеюі байқалады. Бұл кезде бүйректе патологиялық дәрістің белгілері білініп, науқастың зәрінде ақуыздың ізі, эритроциттер пайда болады (бүйректе атеросклероз дамиды). Емдеу кезінде дәрілерді қолданған жағдайда бүйректің тамырлары жиі әртүрлі өзгерістерге ұшырайды. ІІ кезеңде де коронарлық артерияларда атреосклероз дамиды. Бұл стенокардияның ұстамасы мен сипатталады: физикалық күш түскенде кеуденің қысып ауырсынуы. ІІІ кезеңінде миокард инфарктісі, сонымен қатар ми қан айналысының бұзылысы (ауыспалы немесе шектелген парез және паралич сияқты белгілері) дамуы мүмкін. Көздің көруі күрт төмендеп немесе көз көруі қабілеті мүлдем жоғалуы мүмкін. Аурудың ағымында артериялдық қан қысымы тез арада жоғарлап сырқат гипертониялық кризбен қайталанбалы түрде сипатталуы мүмкін. Криз дегеніміз қан қысымының күрт көтеріліп, науқаста бас шағымдарының пайда болуы. Криздің екі түрі бар. Бірінші түрі (адренальды) – тез басталумен мінезделеді, бірнеше минуттан бірнеше сағатқа созылады, вегетативті өзгерістер басым. Науқаста қысқа мерзімде тынышсыздық, сескеншілік, діріл мен тершеңдік білініп, жүрек қағысы жиілейді, ентігу пайда болады. Екінші түрі (норадренальды) жәй басталып ұзақ уақытқа созылады, бірнеше сағаттан бірнеше тәулікке дейін. Негізінде гипертензиялық энцефалопатиямен сипатталынады. Науқастың басы қатты ауырады, құсу білінеді, көзінің көру қабілетінің бұзылуы мүмкін. Артериялдық қан қысымы ми қан айналысының бұзылуы бір мезетте болған жағдайда науқастың сөйлеу қабілеті бұзылып, жүріс – тұрысы өзгереді. Ауыр жағдайда миға қан құйылуы мүмкін – инсульт. Гипертониялық криз кезінде жүрек демікпесі немесе миокард инфарктісі дамуы мүмкін. Артериялды гипертензия баяу қарқынмен өтуі мүмкін (қатерсіз түрі). Кейде артериялды гипертензияның қатерлі түрінің симптомдары тез арада байқалады. Аурудың бұл түрі екі – үш жылға созылып өлімге әкелуі мүмкін. Артериялды гипертонияның қатерлі түрі тез дамиды және тұрақтана бастайды. Содан ауру білінген соң сол жақ қарыншаның гипертрофиясы байқалады, көздің түбіндегі артериялары өзгереді (көздің торлы қабаты тез жиырылады). Тез арада бүйрек шамасыздығының белгілері байқалып, нефроангиосклероз дамуы мүмкін.

Емі.Сырқаттың емі кешенді болу керек. Ол аурудың түріне, даму дәрежесіне байланысты. Ұйқысы бұзылған жағдайда ұйықтататын дәрілерді қолданған жөн. Себебі науқас дұрыс ұйықтап тынықпаса, артериялдық қан қысымы жоғары көтерілуі мүмкін. Науқастарға түнгі жұмыста шулы жерде, көп физикалық күш түсетін жерде жұмыс істеуге тиым салынады, себебі бұл артериялдық қан қысымының көтерілуіне әкеледі. Науқастың күнделікті тамақтануына аса құнарлы тағамдар негізгі маңызды роль атқарады және тәуліктегі ас тұзын 3 – 4 грамға дейін, ал сұйықтықты 1,2 – 1,5 литрге дейін шектеу керек. Дене салмағын қалпына келтіріп, дене қимылын арттыру маңызды роль атқарады. Аурудың алғашқы кезеңінде негізгі ем болып науқасқа ыңғайлы жағдай туғызу, тыныштандыратын дәрілерді (Бехтерев микстурасын, валериан дәрілері, пустырник) ішкізу, сонымен қатар тазепам, феназепам, седуксен, элениум сияқты дәрі-дәрмектерді қолданады. Емдік мақсат ретінде артериялдық қан қысымын бір қалыпында сақтап тұру үшін оған ыңғайлы, тиімді дәрілердің түрін қолдану керек. Негізінде әсері ұзартылған дәрі-дәрмектерді қолданған тиімді. Зәр шығаратын дәрілерді (гипотиазид, фуросемид, триампур) қолданғанда ағзадан натрий тұзын және суды бөліп шығаруға көмектеседі, сонымен қоса артериялдық қан қысымын түсіруіне ықпал етеді. Гипотензиялық дәрілердің әсер ету механизмі (каптоприл, капотен, эналаприл, лизиноприл т.б.) артерия тамырларының кеңеюіне көмектеседі. Дәрілерді науқастарға дәрігер тағайындайды. Қазіргі кезде кешенді терапияның әдісін кеңінен қолданады: диуретиктер, В-адреноблокаторлар, АПФ ингибиторлары, кальций антагонистері т.б. Бұған бір мезетте әр түрлі әсер ету механизмімен сипатталатын бірнеше дәрілерді қолдану жатады. Бұл әдістің ерекшелігі — бір дәріні толығымен бергенмен бірнеше дәрілерді қолданғандағы олардың мөлшерін азайтып берумен ерекшеленеді. Дәрілерді үнемі қолданған жөн. Артериялды қан қысымын медицина қызметкерінің қадағалауы арқылы емді жүргізген дұрыс. Бір реттік немесе өмір бойына дәрінің мөлшерін тағайындау мүмкін емес. Артериялдық қан қысымы кезінде дәрілерді қолдану мөлшері ол науқастың әр жағдайында арнайы түрде тағайындалуы және құбылмалы түрде болуы артериялдық қан қысымы мен тікелей қатысты болмақ. Сол себептен науқас дәрігерден нақты, дұрыс және тиімді мағұлымат алу тиіс. Мейірбике міндетті түрде науқасқа осы жағдайларды ескере отырып уақытында есіне түсіру керек. Артериялды гипертензиямен зардап шегушілерді негізінде үйде емдейді. Тек бұрын қолданылып жүрген дәрілер ағзаға әсер етуін тоқтатса немесе әсерін бермесе онда жаңа дәрі түрін тез арада тауып белгілі жағдайларда ауруханаға жатқызады. Артериялды гипертензияның гипертониялық криз асқынуы тез арада арнайы емдік шараларды өткізуді талап етеді. Шұғыл көмек көрсету шаралары артериялдық қан қысымын тез арада жоғарылауына, бас миының қан айналысын жақсартуға және ішкі ағзалар мен бүйрек жұмысын жақсартуға қарсы бағытталған. Науқасқа толық физикалық және психикалық тыныштық, басы көтеріңкі қалыпта (Фаулер жағдайы) төсекте жату, қатаң түрде төсек тәртібін сақтау және бөлмеге таза ауа жіберуін қамтамасыз етіледі. Өкпенің қызметін жақсарту мақсатында шүйдеге қыша қойылады, қыша қосылған ванна, маңдайға мұзды мұйық қойылады. Гипертониялық кризде мұндай көмек көрсету шараларын мейірбике стационарда да және үй жағдайында да өткізуіне болады. Сонымен қоса науқас гипертониялық криздің белігілеріне қатысты шағымдарды айтатын болса, артериялдық қан қысымын өлшеп, жоғарыда аталған шараларды өткізу керек, ал егер жүрек маңайын бір мезгілде қысып, ауырсыну байқалатын болса, онда ЭКГ – ға түсіру керек, себебі гипертониялық криздің әсерінен миокард инфарктісі дамуы мүмкін. Егер науқас қозғыш келсе, тыныштандыратын (ішке элениум, седіуксен немесе тазепам) дәрілерін қолданады. Артериялдық қан қысымын тез арада түсіру үшін зәр шығаратын ( 80 мг фуросемид көк тамырға) дәрілерін қолдану жеткілікті болып саналады. Гипертониялық криздің ауыр түрінде, сонымен қатар егер артериалдық қан қысымы баяу қарқынмен түссе жоғарыда аталған дәрілерден тыс дәрігердің тағайындауы мен пентамин 0,05 – 1 мл 5% ерітіндісін бұлшық ет арқылы немесе натрий хлоридтің изотоникалық ерітіндісін көк тамыр арқылы қолданады. Пентамин дәрісін көк тамыр арқылы өте баяу (7 – 10 минут ішінде) қарқынмен жіберіп және артериалдық қысмыды қадағалап отыру тиіс. Пентамин мен бірге ганглиоблокаторларды қолданғанда артериалды қан қысымы төмендеп, есенгіреу мен сипатталуы мүмкін. Сондықтан науқас екі үш сағат төсекте жатуы тиіс және әр 15 – 20 минут сайын артериалдық қан қысымын өлшеп отыру керек. Егер ортастатикалық есенгіреу тыйылмаса, онда науқастың аяғын көтеріңкі қалыпта төсекке жатқызып, кордиамин дәрісін (тері астына 2 мл жіберу) немесе мезатон дәрісін 1% -1мл ерітіндісін бұлшық ет арқылы енгізу керек. Гипертониялық кризде өкпенің ісінуі дамуы мүмкін. Сол кезде дәрігердің тағайындауымен келесі дәрілерді: строфантин (0,5мл 0,05% ерітіндісін) немесе корглюкон (1мл 0,05% ерітіндісін) 20мл 40% глюкоза ертіндісімен немесе натрий хлоридтің изотоникалық ерітіндісімен қолданады. Жасы үлкен адамдарға бас миының атеросклероздың белгілері кезіңде қан ағызу ұсынылмайды, оның орнына шүйде өсіндісінің маңайында медициналық сүлікті қолданған өте дұрыс болып саналады (әр жақ қатарға төртеуден қойылуы тиіс). Өкпе ісінуі дамыған кезде жүрек гликозидтерінен тыс сонымен қатар зәр шығаратын дәрілерін тағайындайды, 80 мг фуросемид ішке қолданады. Психомоторлы қозу айқын білінген кезде науқасқа кіші транквилизаторларды (элениум, седусен, тазепам) тағайындайды, сонымен қатар димедрол 1%-2мл ерітіндісін қолдануы тиіс. Егер гипертоникалық криз үйде пайда болатын болса, онда дәрігерге дейінгі шұғыл көмектен кейін науқасты ауруханаға тасымалдап, ауруханаға жатқызу керек. Науқасты зеңбілге жатқызу қалпында дәрігер немесе фельдшердің көмегімен ауруханаға жеткізіледі. Содан соң қолданатын дәрілердің әсері гипертониялық криздің сипаттамасына және асқынуының сәйкестілігін ескере отырып емдік шараларды жүргізеді.

Читать также:  Наследственная гипертония

Аурудың асқынулары. Артериялды гипертензия атеросклерозға байланысты. Коронар қан тамырларының атеросклерозы миокард инфарктісіне, жүрек қыспасына, миға қан құйылуына (инсульт), бүйрек тамырларының шамасыздығына, көз көру қабілетінің төмендеуіне, аяқтың ақсауына және гангренаға әкеліп соғуы мүмкін.

Болжамы. Артериялдық қан қысым аса қатты жоғарламағанда, гипертониялық криз болмаған жағдайларда аурудың болжамы жағымды және науқас көп уақытқа дейін жұмысқа деген қабілеттілігін сақтайды. Артериялдық қан қысымы жоғары болғанда, оның баяу қарқынмен төмендеуі кезінде, жиі гипертониялық криз байқалғанда аурудың болжамы жағымсыз.

Алдын алуы. Артериялды гипертензия алғашқы алдын алудың маңыздылығы аталған ауруға әкелетін мәнбірлерге бағытталған: күнделікті реттелген күн тәртібін сақтау, уақытысында тынығып жеткілікті түрде ұйықтау, шылым шегуге тыйым салу, тағамдағы тұздың мөлшерін тәулігіне 4,5 гр дейін шектеу маңызды шаралар болып табылады. Сонымен бірге тағамның калоражы төменделінеді. Орталық жүйке жүйесін қоздыратын тағамдар шектелінеді. Бұл шараларды гипертониялық криздің айқын көрінісінде өткізілуі тиіс. Науқастар тұрғын мекеніндегі емханада диспансерлік тіркеуге алынады. Артериялды гипертензияның екіншілік алдын алуы артериялдық қан қысымын бір қалыпта немесе бір қалыпқа жақын көрсеткіштерді ұстап тұруға тырысқанда гипотензиялық терапия жүйесін өткізуге мүмкіндік туғызады. Пациенттер диспансерлік нұсқау бойынша қаралады. Қажет болған жағдайларда кардиолог, окулист, невропатолог тексереді. Педагогикалық аспектідегі мейірбикенің жұмысы өте маңызды, себебі науқастарды дәрісіз емдеу қағидаларына үйретеді: салауатты өмір салтын сақтау, қауіпті мәнбірлерден сақтану, темекіге шек қою, дұрыс тамақтану (тағамға тұз және майды аз мөлшерде қосу, кофе және алкогольдік сусындарды аз мөлшерде қолдану). Сонымен қатар шұғыл жағдайларда өз-өзіне алғашқы көмек көрсете алуды үйретеді.

Дата добавления: 2015-11-26 ; просмотров: 3142 ; ЗАКАЗАТЬ НАПИСАНИЕ РАБОТЫ

Источники:

Гипертония (қазақша) — Қан қысымының артуы

http://zhardem.kz/news/1703

http://helpiks.org/6-702.html

Ссылка на основную публикацию
Adblock
detector